ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 27 наурыздағы № 273 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды сату қағидаларына сәйкес, егер тауарлар тиісті сапада болса, қайтаруға немесе айырбастауға жатпайтын тауарлардың тізбесі бар.
Олардың ішінде:
«медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника»
Бұл дегеніміз:
- Қаптама ашылмаған болса да
- Сіз линзаларды қолданбаған болсаңыз да
- Параметерлерді таңдауда қателескен болсаңыз да
Қайтару немесе айырбастау мүмкін емес, өйткені тауар медициналық санатқа жатады.